Қазақстан Президенті Қытайдың СNNC Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының
басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық әлеуетін
талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның саланы дамыту
жоспарында Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына
назар аударды. Бұл ретте аспан асты елінің тәжірибесіне қызығушылық танытып
отырғанын айтты. Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық
технологияларды және қазақстандық мамандарды оқыту мәселелерін қарастырды.

