Конституциялық реформа Қазақстан дамуының жаңа моделін қалыптастырады

Конституциялық реформа Қазақстан дамуының жаңа моделін қалыптастырады

Қазақстанда жасалып жатқан Конституциялық реформаға қатысты халықаралық қауымдастық пікір білдіріп жатыр. Шетелдік сарапшылар бұл қадам арқылы ел демократиялық үдерістерді тереңдетуге бағыт алды деп есептейді. Франциялық саясаттанушы Эммануэль Дюпьи Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда реформаның мәні мен мақсатын жан-жақты түсіндіріп, жаңа институционалдық жүйенің қалай қалыптасатынын, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің қалай қайта бөлінетінін нақты көрсеткенін атап өтті. Сарапшы Халық кеңесінің құрылуына айрықша тоқталды. Оның пікірінше, бұл орган қоғаммен кеңесудің тиімді тетігіне айналып, халықаралық тәжірибеге сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Эммануэль Дюпьи, Еуропадағы перспективалық және қорғаныс зерттеулер институты орталығының директоры (Франция):

- Еуропада, соның ішінде Францияда да біз дәл осындай басқару модельдеріне ұмтылып отырмыз. Өйткені олар қоғамдағы өзгерістерді, оның ішкі серпінін дәлірек көрсетеді. Бұл тұжырым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында айтқан ұстанымымен толық үндес: «күшті Президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет». Бұл формула институттарды трансформациялауға бағытталған неғұрлым тұрақты, заңды әрі жаңартылған көшбасшылыққа ұмтылысты көрсетеді. Себебі институттар елдің Орталық держава, барлық көршілерімен тату қарым-қатынасқа ұмтылатын мемлекет ретінде таңдап алған бағытын насиғаттайтыны белгілі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?