2021 жылдың I жартыжылдығында Қазақстан экономикасының сауда балансы оң нәтиже көрсетті. Экспорт көлемі 3% артып, 27 млрд долларға жетті. Сондай-ақ импорт көлемі де белсенді түрде өсуде. 17,5 млрд долларға сатып алынған жалпы өнімнің төрттен бірінен астамы – халық тұтынатын тауарлар. Жалпы сауда балансының профициті 9,4 млрд долларды құрады. Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёвтің пікірінше, бұл – Ұлттық валюта үшін оң фактор.
«Бұл – жақсы жаңалық. Сауда балансының профициті бұл елге келген ақша ағынының молдығын білдіреді. Сонымен қатар экономика да қалпына келуде. Біз сыртқы әлеммен белсенді түрде сауда жасай бастадық. Ұлттық валюта бағамына жасалған қысым да төмендейді. Осының аясында теңге шамалы нығаюы мүмкін», – деді Андрей Чеботарёв.