Инвесторлар Қазақстанда жүздеген жобаны жүзеге асырып жатыр

Атырау облысында полиэтилен өндіретін интеграцияланған газ-химия кешенін салу жоспарланып жатыр. Ал, Абай облысында қуаты жылына 300 мың тонна мыс болатын мыс балқыту зауыты бой көтермек. Ал, әлемге танымал Pepsico компаниясының азық-түлік пен сусын шығаратын зауыты Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын болады. Кәсіпорын - 2026 жылы Алматы маңында ашылмақ. Одан бөлек, Шымкентте биыл түркиялық серіктестермен бірлесе жылыжай кешені құрылысының бірінші сатысы аяқталады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шетелдік капиталдың қатысуымен елімізде ондаған емес, тіпті, жүздеген ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар ел экономикасын диверсификациялауға бағытталған.