Fitch агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін ВВВ деңгейінде растады

Fitch агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін ВВВ деңгейінде растады

Америкалық Fitch агенттігі Қазақстанның «BBB» деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтингін тұрақты деп болжады. Сарапшылардың пікірінше, сыртқы буферлердің қуаттылығы – ел рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Бұл басқа елдермен салыстырғанда еліміздің қаржылық икемділігін қамтамасыз етеді. Fitch бағалауы бойынша Ұлттық қордың және алтын-валюта резервтерінің көлемі елдің ЖІӨ-сінің 38% жетіп отыр. Бұған 8,4% деңгейіндегі инвестициялық кірістер мен алтын бағасының өсуі оң әсерін тигізуде. Бұдан басқа, сарапшылар Қазақстанның көлік және жаңартылатын энергия секторларын дамытуға бағытталған қадамдарын да назардан тыс қалдырмады. Бұл шаралар елдің мұнай саласына тәуелділігін біртіндеп азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, кең ауқымды екінші дәрежелі санкцияларға байланысты тәуекелдердің салыстырмалы түрде төмен екендігі де көрсетілді.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?