Қазақстан мен Өзбекстан Астанада өткен бизнес-форумда құны 43 жарым млн доллар болатын жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойды. Бұл шараға екі елдің 400-ге жуық кәсіпкерлері мен мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Алаңда, сонымен қатар, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын, сауда, жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен құрылыс салаларын талқылаған B2B кездесулер өтті. Оның үстіне, қазір әлеуеті жоғары бағаланатын лифт индустриясы бойынша да өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Ержан Игібаев, Қазақстан лифтшілері ұлттық қауымдастығының президенті:
– Біз әріптестік туралы меморандумға қол қойдық. Осы меморандумның аясында біз бірлескен лифт өндірісін қолға алмақпыз. Біз, сондай-ақ, Қазақстандағы лифт паркінің жай-күйін анықтайтын диспетчерлік орталық құру туралы да келісімге қол қойдық. Алдағы уақытта лифттерге қатысты бірыңғай стандарттар мен технеикалық регламент жасау. Ол шара елдеріміздегі лифт саласын бір табан алға жылжытар еді.
Сарвар Ахадов, технопарктің бас директоры, Өзбекстан:
– Бүгінде Өзбекстан өз ішінде техникалық салаларда бірқатар тәжірибе жинады. Біз қазақстандық әріптестермен қуана тәжірибемізбен бөлісеміз. Осыны және инвестициялық климатты есепке алатын болсақ, бұл қазақстандық тұтынушылар үшін тек игілікке жарайтын жақсы әріптестік болмақ.
Бұған дейін бизнес-форум аясында Қазақстан мен Өзбекстан құны 4,5 млрд долларға 34 инвестициялық жобаны және АҚШ валютасында 2 жарым млрд-қа 7 бірлескен тауар келісімдерін жүзеге асыруға келісті.