Қазақстанның сыртқы саудасы биыл алғашқы бес
айда 55 млрд доллардан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Еуразиялық
экономикалық одақ елдерімен тауар айналым АҚШ валютасында 11 млрд-қа жуықтаған.
Қазақстандық мұнай және мұнай өнімдері, мыс пен ферроқорытпа өзгелердің үлкен сұранысына
ие. Импортқа келсек, жеңіл көліктер мен дәрілік заттар көш бастап тұр. Отандық өнімдер
негізінен серіктес елдер - Италия, Қытай, Ресей, Франция, Нидерланды және
Түркияға экспортталады.