Қазақстанда екінші нарықтағы пәтерлер бір жыл ішінде 26,4 процентке қымбаттаған. Ал жаңа тұрғын үйлерді сату құны 19,6%-ға өскен. Баға әсіресе, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Өскемен қалаларында жоғары, мұнда тұрғын үйлердің шаршы метрі шамамен 32-ден 26 процентке дейін өсім көрсеткен. Екінші нарықтағы баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Нұр-Сұлтан қалалары. Бұл қалаларда баға 41-44 процентке артқан. Ұлттық статистика бюросы сондай-ақ баспананы жалдап тұру бағасының шарықтағанын хабарлады. Нарықтағы өсім 20 процентке дейін жеткен. Пәтер жалдау ең қымбат қала – Алматы. Оңтүстік астанада былтырғы жылмен салыстырғанда жалдау ақысы 47 проценттен асқан.