Үкіметте Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды

Үкіметте Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды

Қазақстанда алдағы қазан айында Аlem.АІ жаснды инттелект орталығы іске қосылады. Жаңа құрылым елордада Digital Bridge 2025 - Орталық Евразиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форумы аясында ашылмақ. Бұл жөнінде Президент Жолдауын жүзеге асыруға арналған Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр Цифрлық кодекс және «Жасанды интеллект туралы» заң жобаларын пысықтауды жеделдетуді, «Digital Qazaqstan» тұжырымдамалық құжатын әзірлеуді, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы Президент Жарлығының жобасын енгізуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Президент атап өткендей, мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрлық тәсіл азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз етіп, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттырады. Жаппай цифрландыру әртараптандырумен қатар, экономиканы кешенді түрде жаңғыртуға және Қазақстанды жаһандық аренада бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытуға ықпал етеді. Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігерін жұмылдырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?