Мемлекет басшысы Астана әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Астана әкімін қабылдады

2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің бас қаласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Астана әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді. Жеңіс Қасымбек Президентке жылыту маусымының барысы туралы да баяндады. Былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ын іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша артығымен берілуде. Бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалорияны құрайды. Биыл осы бағыттағы жұмыстар жалғасып, «Тельман» станциясының бірінші кезегі және «Тұран»-ның екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігі іске қосылады.


Президент елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.