Қазақстан Президентіне аграрлық саланың дамуы туралы баяндалды

Қазақстан Президентіне аграрлық саланың дамуы туралы баяндалды

Қазақстанда жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі 5 жарым процентке жуық артқан. Көрсеткіш 8 трлн теңгеден асты. Бүгін бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы министрі баяндады. Айдарбек Сапаровтың дерегінше, АӨК тауарларының экспорты 4,7 млрд долларға дейін өскен. Бұған мемлекеттік қолдау тетіктері тың серпін берді. Агросекторды қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бұған қоса, 5% мөлшерлемемен тікелей несие беріле бастады. Саланы цифрландыру аясында «е-АӨК» бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол субсидиялау, жер қорын басқару, егін, мал және балық шаруашылықтары бойынша қызмет түрлерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ортақ цифрлық арнаға тоғыстырады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?