Экономиканың нақты секторынан бастап, мемлекеттік
басқаруға, денсаулық сақтау салаларына ЖИ енгізу, ІТ-архитектураны, QazTech
ұлттық платформасын жаңғырту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге дейін. Үкімет
мүшелері Астанада өткен кеңесте Президент айқындаған тоғыз негізгі бағытты
қарастырды. Еңбек өнімділігін арттыру үшін ЖИ өндірістік үрдістерге ықпалдастыру
қажеттілігін атап өтті. Ал, денсаулық сақтау саласында ЖИ технологиялары нақты
диагностиканы, емдеуді дербес таңдауды және бірыңғай медициналық деректер
базасына көшуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер саласында
Aitu мессенджері ұлттық платформа ретінде бекітіледі, ал негізгі қызметтер
бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріледі. Жалпы, елімізде ЖИ жедел енгізу үшін
Олжас Бектеновтың басшылығымен сандық штаб құрылды.

