Қазақстан мен Жапония стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Жапония стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Жапониямен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән береді. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ гуманитарлық бастамаларда бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады. Тараптар  «Хирошима – Семей» бастамасын жалғастырудың, сондай-ақ Mayors for Peace халықаралық қозғалысы аясында білім алмасудың маңыздылығы атап өтті. Хирошима префектурасының губернаторы ядролық қаруды таратпау мәселелерінде ынтымақтастықтың аса маңызды екенін айтты. Олжас Бектенов еліміздің радиациядан зардап шеккендерді медициналық және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ радиациялық медицина саласындағы технологияларды әзірлеу және енгізу бағыттары бойынша Жапониямен ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылатынын айтты. Сондай-ақ, Премьер-министр Жапония Үкіметіне Семейдегі ядролық сынақтар салдарымен күресу үшін өтеусіз грант беру ниетіне алғысын білдірді. Айта кетейік, Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы $1,8 млрд-ты құрады. Соңғы 20 жылда жапон бизнесі ҚР экономикасына шамамен 8 млрд доллардан астам инвестиция салды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?