Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президентіне жеделхат жолдап, елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. Президент Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың өрісі кеңейгенін   ризашылықпен атап өтті.

Сондай-ақ, екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестік жалғасын табатынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.