Үкіметте қазақ мұнайын тасымалдау мәселесі талқыланды

Үкіметте қазақ мұнайын тасымалдау мәселесі талқыланды

Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай айдау көлемі жылына 72 жарым млн тоннаға дейін жетті. Бұл бағытта техникалық мүмкіндік бар. Халықаралық желі мен отандық мұнай айдау стансасын байланыстыратын жаңа құбыр құрылысы аяқталып, іске қосылды. Бұл жөнінде Премьер-министр Олжас Бектеновтың Консорциум басшысы Николай Горбаньмен кездесуінде айтылды. Тараптар қара алтын тасымалы саласында инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысын талқылады. Сонымен қатар, «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырын жаңғырту қарқыны қаралды. Каспий құбыр консорциумының «тар» тұстарын жою жобасын іске асыру нәтижесінде биыл қазан айында мұнай жөнелту көлемін 1 млрд тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?