ҚР СІМ: жыл басынан 436 млрд теңгенің инвестициялық келісімі жасалды

ҚР СІМ: жыл басынан 436 млрд теңгенің инвестициялық келісімі жасалды

Қазақстан осы жылдың алғашқы тоқсанында ғана шетелдік инвесторлармен 29 келісімшарт жасасты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитетінің мәліметінше, жобалардың жалпы құны 436 млрд теңгеден асады. Салаларға жіктесек: өңдеу өнеркәсібі, энергетика, көлік, білім, денсаулық, өнер салалары және ойын-суық, демалыс, тамақтану қызметтеріне қатысты бірлескен бастамалар. Олардың  басым бөлігі Астана, Шымкент және Алматы қалалары мен Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе өңірлерінде іске асырылмақ. Ведомство таратқан деректерге сай биыл сәуірге дейін «eLicense» порталы арқылы инвестициялық преференциялар беруге 86 өтінім келіп түсті. Негізінен Ресей, Нидерланды және Кипр мемлекеттерінен ұсынылған.