Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтті

Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтті

Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтті. Осыдан 34 жыл бұрын – 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңы қабылданды. Еліміздің егемендігін алғашқы мойындағандар қатарында Түркия, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және өзге де мемлекеттер болды. Ал бірер айдан соң Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Тәуелсіздік жылдары еліміз халықаралық қатынастарда сенімді серіктес ретінде танылды. Бірқатар  жаһандық түйткілдерді талқылауға бастама көтеріп, пікірталас алаңын ұсынды. Осы аралықта ел экономикасы 11 есе өскен. Экономикалық зерттеулер институтының дерегі бойынша, мұндай өсім сыртқы сауда айналымы, жалпы ішкі өнім, инвестиция көлемінің артуымен қатар жүрген.

Шетелдік елшілер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен бірқатар мемлекет елшілері құттықтады. Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге бұл мерекені тәуелсіздіктің маңызын айғақтайтын тарихи оқиға деп ататы. Ұлыбритания елшісі Салли Аксуорси де Қазақстан азаматтарына жылы лебізін жеткізді.

Салли Аксуорси, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Бүгін Қазақстанның тәуелсіздігін бірге атап өттік. Бірге жаңа жетістіктерге жетейік.

Қазақстандықтарды Нидерланды елшісі Нико Схермерс те құттықтады. Ол екі елдің бейбітшілік пен әділдікті қолдайтынын, өзара әріптестік әлеуетінің жоғары екенін айтты. АҚШ дипломатиялық миссиясының басшысы Джули Стаффт Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлін жоғары бағалады. Біздің еліміз маңызды экономикалық серіктес. АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастыққа, екіжақты инвестициялар мен сауда байланысына мүдделі.  

Джули Стаффт, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Қымбатты достар, мен үшін Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтау үлкен мәртебе. Елдің тәуелсіздік алғаннан бері қол жеткізген  жетістіктері жігерлендіреді. C5 + 1 саммиті барысында Қазақстан барлық Орталық Азия елдерінің Құрама Штаттармен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің ортақ ұстанымдарын алға тартты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?