Үкіметте ірі бизнес өкілдерімен экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері талқылады

 Жасанды интеллект жүйелерін қолдануды кеңейту және цифрлық технологияларды дамыту, «жасыл» қаржыландыру саласын дамыту, АӨК және тұтастай алғанда – басым салаларда қазақстандық өндірушілерді жан-жақты қолдау. 

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясындағы осы және басқа да шаралар Үкіметте қаралды. Онда Кәсіпкерлер ұлттық палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру елдің технологиялық және инновациялық дамуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан бизнесті экономиканың нақты секторын дамытуға тарту маңызды. Олжас Бектенов Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бұрын қолданылған ірі кәсіпкерлердің колледждерге қамқорлық жасау тәжірибесін жандандырып, мамандарды оқыту үшін база құруды тапсырды. Бұл кәсіпорындарға болашақ кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. 

Бұдан өзге, Премьер-Министр «жасыл жобаларды» несиелеу бойынша табысқа төмендетілген салық мөлшерлемесін енгізудің, отандық тұқым шаруашылығын дамыту бойынша аграрийлерді ынталандыру шараларын жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Қазір елде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін анықтау бойынша жаңа әдіснама әзірленуде. Бұл отандық кәсіпорындардың дамуына серпін береді.