Астанада өңір елдерінің көшбасшылары Аралды құтқару мәселелерін талқылайды

Астанада өңір елдерінің көшбасшылары Аралды құтқару мәселелерін талқылайды

Қазақстан биыл Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуін аяқтайды. 22 сәуірде Астанада қорға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов оған дайындық мәселелерін аталған қордың басқарма мүшелерімен  талқылады. Сонымен қатар, кездесу барысында су шаруашылығы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және Қор қызметінің тиімділігін арттыру жағы қаралды. Бұл ретте су есебін жүргізу мен басқаруды цифрландыруға ден қойылмақ. Осы орайда, Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр. Олжас Бектенов еліміздің Орталық Азияның су ресурстарын пайдалану жөніндегі Негіздемелік конвенциясын пысықтауды қолдайтынын жеткізді. Құжат су ресурстарын ұтымды пайдалану, трансшекаралық зиянның алдын алу және гидрологиялық ақпарат алмасуды дамыту бойынша келісілген қағидаттарды бекітуі тиіс. Үкімет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жаһандық су проблемаларын шешу үшін Халықаралық су ұйымын құруды ұсынғанын да тілге тиек етті. Бұл бастама күш-жігерді біріктіруге және өңірлік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?