Мемлекет басшысы Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.  Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді. Ресми Ашхабад Астанамен арадағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілді. Осыған орай тараптар сауда-экономика, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Бұдан бөлек, жылдан-жылға тың мазмұнмен байып келе жатқан мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

-Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыс та дамыды.   Бұған дейін көп жұмыс атқарылды. Әлі де атқарылатын жұмыс аз емес.