Жетісу облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 178
млрд теңге инвестиция тартылды. 2025-2027
жылдарға арналған инвестициялық портфель жасақталып, оған жалпы құны 2,6
триллион теңге болатын 128 жоба енгізілді. Аймақ басшысы Бейбіт Исабаев Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мен
алдағы жоспарлары туралы баяндады. Оның айтуынша, облыста тау-кен байыту
комбинаты, «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі,
жел электр стансаларының зауыты, халықаралық әуежай салу жоспарланған.
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
- Мемлекет басшысы өңірдің алдында үлкен
инфраструктуралық жобаларды аяғына дейін жеткізу, шекара маңындағы аудандардың
әлеуметтік-экономикалық дамы қарқынына үлкен мән берді. Сонымен бірге Жетісу
өңіріндегі туризм саласын дамыту қажеттілігіне назар аударды және осы
мәселелерді уақытында сапалы орындау жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

