Қазақстан Президенті Брюссельге ресми сапармен барады

Қазақстан Президенті Брюссельге ресми сапармен барады

22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады. Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту әлеуетін талқылайды. Сонымен қатар, Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған. Бұдан бөлек Қазақстан Президенті ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?