Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі халықаралық ұйымға айналады

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі халықаралық ұйымға айналады

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі толыққанды халықаралық ұйымға айналады. Мәжіліс Нахчыван келісіміне қатысты тиісті өзгерістер енгізу туралы хаттаманы қабылдады. Құжатқа Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері 2022-ші жылғы Самарқандта қол қойды. Осылайша, жаңа келісім арқылы түркі елдері осыған дейін қол жеткізген ынтымақтастық пен интеграцияның көкжиегі кеңейеді. Мақсат – түркі әлемінің ортақ тарихы мен мәдениетін, рухани құндылықтарын сақтап, бауырластықты нығайту.

Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Сонымен қатар, ұйым шеңберінде түркі елдерінің саяси-экономикалық ықпалдастығын арттырып, білім мен ғылым салаларындағы алмасуларды дамыту өзекті болып табылады. Бұл өзгерістер түркі әлемінің даму тарихындағы жаңа дәуірді ашып, ежелгі түркі шаңырағына кіретін бауырлас мемлекеттердің көпқырлы ынтымақтастығын жандандыруға елеулі ықпал етеді және өзара белсенді жақындасу үрдісін жалғастыратын болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?