Үкіметте азаматтық авиацияны дамыту жоспары ұсынылды

Үкіметте азаматтық авиацияны дамыту жоспары ұсынылды

Қазақстанда халықаралық оқу орталықтарын тарта отырып, авиация саласы үшін мамандар даярлау жүйесі күшейтіледі. Үкіметте Азаматтық авиацияны дамыту жоспары ұсынылды. Оның аясында елде әуежай және навигациялық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ халықаралық және ішкі маршруттық желіні кеңейту бойынша ауқымды жұмыс көзделген. Астана мен Алматы әуежайларында аэрохабтар дамытылады. Әуе айлақтарының терминалдары мен ұшу-қону жолақтары жаңғыртылады. Жүк және техникалық кластерлер мен сервистік экожүйе құрылады. Жоспарда Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылмақ. ICAO аудитінің нәтижелеріне сәйкес, биыл осы көрсеткіш Қазақстанда 95,7% құрайды. Бұл 72% әлемдік және 87% асатын орташа еуропалық деңгейден жоғары. Жалпы, 10 айда жолаушылар тасымалы көлемі 6% өсіп, 13 млн асты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?