Елордада мемлекет басшысының қатысуымен дәстүрлі халықаралық Astana Finance Days басталды. Биылғы шарада шетелден арнайы шақырылған сикерлер тұрақты әлеуметтік-жауапты өсуді қамтамасыз ету үшін қолданыстағы және жаңа жүйелік құралдардың әлеуетін талқылайды. Тиімділікті арттыруға және қамтуға арналған цифрлық құралдар, Барлық адамдар үшін капиталға ең жақсы қолжетімділік, Тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін инвестициялар мен қаржы, тағы басқа өзекті тақырыптар таңдап алынды. Жиынға 29 мемлекет, оның 13-і офлайн түрде қатысып жатыр. Айта кетейік, жыл сайынғы конференция 2018 жылдан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ұйымдастырылып келеді.