Қазақстанда агротуризм сәнді трендке айналып келеді. Демалыстың бұл түрі
қаланың қарбалас тіршілігінен жырақта тынығуға, фермерлердің өміріне, жергілікті
дәстүр мен мәдениетке деген қызығушылық арқасында қарқынды дамып келеді. Астанадан
жүз шақырым жерде орналасқан шағын шаруа қожалығында сиыр, ешкі және үй құстары
өсіріледі. Кәсіпкер жұмысын он жыл бұрын бастаған. Дегенмен, өткен жылы ғана
толыққанды туристік аймақ болды. Мұнда күн сайын қазақстандық қонақтармен қатар,
шетелдік туристер де келеді. Олар экологиялық таза өнімдерден дәм татып, қожалықтың
жұмысымен танысады.
Лейла Семёнова, кәсіпкер:
– Туристер бізге өздері келеді. Балалардың көпшілігі сиырды жылқыдан, қойды
ешкіден ажырата алмайды. Мен мұндай да болады деп ойламаппын. Ата-аналар
балаларын үй жануарларын өз көздерімен көрсін деп алып келеді.
– Катя - қалада өскен бала. Оған мұндай жерге келіп, лақтарға жеп-шөп беру тіпті
таңсық дүние. Оның қалай қуанып жүргенін көрсеңіздер ғой! Мұндай туризм түрін
дамытып, насихаттау керек деп есептеймін.
- Маған лақтарға өз қолыммен жем-шөп беру керемет қызық болды. Өздері сүйкімді, түстері де тартымды. Кеше біз ірімшік жедік, сүт іштік, қаймақ та бар екен. Барлығы өте дәмді, маған ұнады.
Қазақстанда агротуризммен айналысқысы келетіндер үшін мүмкіндік көкжиегін
кеңейту жоспарланып отыр. Мәжілісте шаруа қожалықтарына өз жерінде кәсіптің осы
түрімен айналысуға құқық беретін заң жобасы қарастырылуда.

