Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы шамамен 400 млн долларға жетті

Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы шамамен 400 млн долларға жетті

Еркін сауда туралы келісім жасасу қазақстандық тауарлардың Оңтүстік Шығыс Азия елінің нарығына  бажсыз режимде шығуына мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде қос мемлекет  арасындағы өзара сауда 400 млн. АҚШ долларын құрайды. Біздің елімізден ферроқорытпалар, асбест, электр жабдықтарының жекелеген түрлері және тағы басқа тауарлар жеткізіледі. Ал біздің тараптан Индонезияның тұрмыстық техникасы мен автокөліктеріне сұраныс жоғары.

Еске салайық, Джакартада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Индонезия арасында жөніндегі келіссөздердің бірінші раунды басталды. Тараптар болашақ келісімнің тауар саудасы, шыққан елін анықтау ережелері, саудадағы техникалық кедергілер, зияткерлік меншік мәселелері, қорғау шараларын қолдану сынды маңызды бөлімдерін 5 сәуірге дейін талқыламақ.