Қашағанның өндірістік әлеуеті тәулігіне 1,6 млн баррель мұнайға жетуі мүмкін. Бұл жылына шамамен 75 млн тоннаны құрайды. Сарапшылар осындай болжам келтіріп отыр. Әлихан Смайылов республика үкіметінің алдында өндірісті одан әрі арттыру бойынша маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Министрлер кабинетінің басшысы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысып, сөз сөйледі. Айта кетейік, кен орнында орасан зор мұнай мен газ қоры бар. Бүгінде мұнда шамамен 90 млн тонна мұнай, 55 млрд текше метр газ өндірілді. 60 млрд-тан астам инвестиция тартылды, жергілікті қамтуды дамытуға 17 млрд-тан көп қаражат салынды.
Әлихан
Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Солтүстік
Каспий жобасының операторы – North Caspian Operating Company консорциумы
алдында өндірісті одан әрі ұлғайту бойынша маңызды міндеттер тұр.Кен
орнында газ өңдеу қуатын дамыту да өте маңызды мәселе. Осы мәселе бойынша
Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті тапсырма бергені белгілі.