Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды

Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды

Арналарда су бұру, арықтар мен дренаж жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету, тасқын қаупі бар елді мекендерді қызыл судан қорғауды пысықтау. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары әкімдеріне ел Премьер-Министрі осындай тапсырмалар берді. Олжас Бектенов Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Үкімет басшысының айтуынша, басты міндет – су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету және халық пен инфрақұрылымға қауіп-қатерді азайту. Осы мақсатта көрші мемлекеттермен су шығыны және трансшекаралық өзендерде қауіптердің туындауы туралы үнемі ақпарат алмасу маңызды екені айтылды. Бұдан бөлек синоптиктердің алдағы қыста жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан асады деген болжамына сәйкес ТЖМ мен Су министрлігіне жекелеген тапсырмалар берілді. Су тасқыны кезеңін болжауды жақсарту мақсатында «Қазгидромет» тиісті жұмыстар жүргізуде. Кәсіпорынның мәліметінше, Бүгінгі таңда 377 гидрологиялық бекет, 25 қар өлшеуіш маршрут және 347 метеорологиялық станса жұмыс істейді. Жалпы ел бойынша өзендер мен көлдерді тазарту жұмыстары жүргізілді, мың шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды. Қазір су тасқынын модельдеу жүйесіне жүктеу үшін арналарда топографиялық түсіру жүріп жатыр.

Әсел Күшенғалиева