Қазақстанның әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы күш-жігерін Еуроодақ жоғары бағалады

Қазақстанның әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы күш-жігерін Еуроодақ жоғары бағалады

Қазақстанның әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы күш-жігерін Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі жоғары бағалады. Тери Хакала биыл республикада қабылданған тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандыру туралы заң жағдайды одан әрі жақсартуға ықпал ететінін атап өтті. Дипломаттың айтуынша, оны тиімді қолдану тек жазалау шараларын қатаңдатуды ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды ақпараттық жұмысты талап етеді. Бұл қоғамда құқықтық сананы қалыптастыруға көмектеседі.


Тери Хакала, Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі:

- Менің ойымша, бұл дұрыс бағыттағы өте маңызды алғашқы қадам. Біз бүкіл әлемде короновирус карантині кезінде адамдар үйлерінде көп уақыт өткізген кезде жағдай нашарлағанын көрдік. Сондықтан, біз одан әрі де бұл мәселені көтеріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын айтуымыз керек. Оған қарсы күрестің жауапкершілігі барлығына жүктеледі. Бұл – жалпыға ортақ міндет. Ол үшін, әрине, ұжымдық сананы, мәселеге деген көзқарасты өзгерту қажет. Адамдарға деген құрмет пен теңдік басты мәселе болып қала береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?