БҰҰ Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды

БҰҰ Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды

Қазақстан Президентінің Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы БҰҰ тарапынан қолдау тапты. Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Ли Цзюньхуа Астанадағы Өңірлік экологиялық саммит аясындағы алаңдардың бірінде идеяны «уақтылы және көреген» деп атады. Оның айтуынша, бұл қадам жаһандық ынтымақтастықты нығайтып, практикалық шешімдерге көшуге және су дипломатиясын нығайтуға мүмкіндік береді. Бастама басқа да халықаралық алаңдарда егжей-тегжейлі қаралады.


Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының әлеуметтік және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары:


- Саммит барысында көшбасшылар мен басқа да қатысушылардың сөздерін тыңдай отырып, бұл алаң тек талқылаумен шектелмейтінін айқын сезіндім. Бүгінгі әңгіме қол жеткізілген оң прогреске сүйеніп, осы өңірде де, одан тысқары әлемнің өзге аумақтарында да ынтымақтастық пен жүйелі шешімдерді іске асырудың нақты және практикалық жолдарын іздеу туралы болып отыр. Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын мұқият қадағалаймыз және ол тиісті қолдауға ие болады деп үміттенеміз.


Махир Алиев, Тегеран конвенциясы уақытша Хатшылығының үйлестірушісі:

- Әрине, бұл өте уақтылы бастама және ол Каспий маңындағы 5 елдің құр сөзбен айтылатын саяси ерік декларациясымен шектелмей, нақты іс-шараларды орындауға көшуін талап ететін өңірлік іс-қимыл тетігін қамтамасыз етеді. Бұл мақсатқа осындай мемлекетаралық бағдарлама қажет. Сондықтан халықаралық ұйымдар тарапынан көтерілген мұндай бастаманы қуана қарсы аламыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?