Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас
директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті. Тараптар әңгімелесу барысында
Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады. Кездесуде
климат пен денсаулық сақтау бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу және
денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселелері қарастырылды. Бас
директор Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау арқылы саяси реформалар мен
экономикалық өрлеудің табысты іске асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол
Президентке Ұйымның елімізге дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын
жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілгенін растайтын хатты табыстады. Бұл ұлттық
бақылау жүйесінің сенімділігін көрсетеді. Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері
арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізген.

