Үкімет жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарады

Үкімет жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарады

Қазақстанда әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын жоспардан тыс тексеру жүргізуіледі. Олар ерекше бақылауға алуынады. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Аталған іс-шаралардың аясында отандық әуекомпаниялар экипаждарының біліктілігі, рұқсатнамалары және құзыреті қайта тексеріледі. Сондай-ақ, үкімет басшысы әуе оқиғаларына жедел ден қою қамында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. Оған қоса, Олжас Бектенов осындай апаттарды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып, дұрыс қорытынды шығару аса маңызды екенін атап өтті. Айта кету керек, жиында күн тәртібінен тыс Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды. Қазір оқиға орнында елдің Көлік министрлігі Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Ертең Бразилияның авиациялық билігі мен Embraer 190 компаниясы келеді, деп күтілуде.Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп қаза тапқандардың туыстарына қажетті қолдау шаралары жасалуда. Қазіргі уақытта жедел желі жұмыс істеп тұр. Бүгінде оған мыңнан астам қоңырау түсті. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?