Қазақстан Қытайдан агродрондар сатып алды

Қазақстан Қытайдан агродрондар сатып алды

Қазақстан Қытайдан 53 агродрон сатып алды. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар егіс алқаптарының зиянкестерін зерттеп, өсімдік ауруларын химиялық өңдеуге пайдаланылады. Мамандар озық үлгідегі құрылғылар отандық шаруалардың шығындарын азайтып, астық өнімділігін арттыруға септесетінін алға тартады.  Салалық министрлік қазір дрондарды ауыл шаруашылығына ендіру бойынша арнайы жол картасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, былтыр аталған жоғары технологиялық бүріккіш аппараттар 2 мың гектар тәжірибелік алаңда сыналып, тиімділігін дәлелдеді. Елде оларды басқаратын мамандарды оқыту жағы да қолға алынған. Сондай-ақ, агродрондарды сатып алушыларға оның құнының 25% өтеу үшін субсидия бөлу тетігі қарастырылған.


Алмат Сүлейменов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы:


- Аталған дрондар шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге және жетеуі зерттеулер жүргізуге бағытталады. Бұл егістік зиянкестерін саралау жұмыстарын жақсартады және зерттеу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар өзге техникалар жетпейтін таулы аймақтар мен басқа да аса күрделі алқаптарда химиялық өңдеу жүргізуге өз септігін тигізеді деген ойдамыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?