Астанада Еуразиялық тұрақтандыру
және даму қоры өз штаб-пәтерін ашады. Тиісті хаттаманы Қазақстан Парламентінің
Сенаты ратификациялады. Қор Қазақстаннан басқа Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан,
Армения, Беларусь секілді бірқатар қатысушы мемлекеттердің экономикалық және
қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесуге бағытталған. Негізгі донорлар - біздің
еліміз бен Ресей. Жалпы салым 8 млрд долларды құрайды. Айта кетейік, жобалар
мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ұлттық валюталарды пайдалану жоспарланып
отыр.
Сергей Карплюк, ҚР Парламенті
сенатының депутаты:
- Штаб-пәтердi қамтамасыз ету
жұмыстары қор қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстанның мемлекеттiк
бюджетiнен қосымша қаржат талап етiлмейдi. Қор құру туралы шартқа хаттамамен мынадай
өзгерістер енгізіледі. Қор қаражатты басқаратын Еуразиялық даму банкінен бөлініп
шығады. Бұл олардың миссияларының әртүрлілігіне байланысты болып отыр. Жұмыстар
аталған қорды халықаралық құқықтың дербес субъектісі етіп қайта құру мақсатында
жүзеге асырылады.

