Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады. Омбудсмен президентке жылдық баяндаманы ұсынды. Оған сәйкес 900 астам қазақстандықтың құқығы қорғалды. Жалпы өкілетті органға 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, қазір Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр.
Артур Ластаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында, Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндалды. Президент адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.