Астана көшелерінде өздігінен басқарылатын автокөліктер пайда болады. 2026
жылы елордада жүргізушісіз такси пилоттық жобасы іске қосылады. Салалық
министрліктің мәліметінше, қозғалыс Астана халықаралық әуежайынан Abu Dhabi
Plaza сауда орталығына дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы кезеңі тестілеуден
өткізуді, заңнамалық тұрғыда реттеуді және инфрақұрылымын дайындауды қамтамасыз
етуді қарастырады. Бұл автономды көлік бастамасы «ақылды қала» стратегиясы
мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылмақ. Жолаушылар
қауіпсіздігі басты назарда болады. Қозғалыс тәуекелдерді бағалау жүргізілген
соң ғана жүзеге асырылады. Мамандар бұндай көлік жүйесін іске қосқан елдер мен
қалаларда жол-көлік оқиғалары 90% дейін азайғанын алға тартады.

