Қазақстанда көзі тірі 57 ардагер бар. Ғасыр жасаған қарт майдангерлердің
төртеуі бүгінде Қостанай облысында тұрады. Жеңіс күніне орай батырлар рухына
тағзым ету рәсімі өтті. Ерлікпен шайқасқан, тылда аянбай еңбек еткен
жауынгерлердің есімі тағы бір мәрте ұлықталды. Отан үшін отқа ұшқан қайсар
жандардың есімі ел есінде, ерліктері ұрпаққа үлгі. Айта кетейік сұрапыл соғыс
жылдары Қостанай өлкесінен майдан
даласына 75 мыңнан астам сарбаз аттанған.
Михаил Подоляков,
Соғыс Ардагері:
– Майдангерді ұмытпай көрсетккен құрмет үшін рахмет. Мен бүгінгі үрпақтың игі істеріне дән ризамын.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Еліміздің, облыс тұрғындарының сол жылдары жасаған істеріңіз үшін алғысы шексіз.
Ал Шығыс Қазақстан облысында алты майдангер тұрады. Олар тыл
еңбеккерлерімен бірге концерттер мен шерулерге қатысып, жастармен кездесулер
өткізіледі. Олар тарихтың тірі куәгерлері. Өмір жолы ерлік пен табандылық
сабағына айналғандардың бірі - Александра Саратовцева. Қазір ол 101 жаста. 19
жасында майданға өз еркімен аттанып, инженерлік әскерлер сапына қосылған.
Жауған оқтың астында жүріп өткелдер мен бекіністер салған, жаралыларға
көмектесіп, далада тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеген.
Александра Саратовцева, Соғыс Ардагері:
– Біз түрлі құрылыс ныандарын, әскер өтетін үлкен көпірлер салдық. Қажет
болғанда киім де жуып, тамақ та пісіріп, жұмыс талғамай еңбек етуге тура келді.
Өңірде жүздеген тыл еңбеккерлері бар. Иван Гагарин соғыс жылдары бала еді,
бірақ ересектермен тең еңбек етті. Ұлттық гвардия жауынгерлері қарияға арнап концерт
ұйымдастырды.
Иван Гагарин, Тыл Ардагері:
- Соғыс кезінде барлығы аянбай жұмыс істеді. Сол шақтағы бригадалар, балалардан
құралатын. Біздер далада еңбек еттік, мал бағатынбыз, бұзау күзетіп, шабындықта
шөп шаптық, колхозымыз плантацияларда егіс өсіретін еді.
Айта кетейік, Қазақстан көршілес елдер арасында ардагерлерге материалдық
қолдау көрсету бойынша көш бастап тұр. Биыл тұрғылықты өңіріне қарамастан майдангерлердің
әрқайсысына 5 млн теңгеден төленді.

