932 млрд теңгеден астам. 2025 жылға дейін Екібастұз қаласын дамытуға осындай көлемде инвестиция бағытталмақ. Үкімет отырысында шаһарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары мақұлданды. Баяндама жасаған ҰЭМ Әсет Ерғалиев мәлім еткендей, құжат инвестициялық жобаларды іске асырумен бірге тұрғын үй, инфрақұрылым, әлеуметтік салаларды өркендетіп, экологиялық мәселелерді жақсартуды көздейтін 114 іс-шарадан тұрады. Сондай-ақ энергетика саласында Екібастұз бірінші және екінші ГРЭС-тердегі энергия блоктары қалпына келтіріледі. Кешенді жоспарды іске асыру қала халқының табысы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Алдын ала бағалау бойынша 16,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады, өнеркәсіп көлемі 22% өседі.
Авторы: Ақзер Сегізбай