Мемлекет басшысы Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев немістің іскерлік орта өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысының пікірінше, Германияның жетекші компанияларының Қазақстанға келуі екі елдің де экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін көрсетеді. Президент бизнесмендерге олардың компаниялары инновацияның алдыңғы шебінде келе жатқанын әрі жаһандық тұрақты даму үдерісінде негізгі рөл атқаратынын айтты.

Сонымен қатар, Астана мен Берлин арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайта түсетініне сенім білдірді.