Өткен жылы Қазақстан мен Германия арасындағы тауар
айналым 10 млрд еуроға жуықтап, біден 90%-тен астам өсім көрсетті. Сонымен қатар отандық өнімді
осы еуропалық мемлекетке экспорттаудағы жағдай да жақсарды. Өткен жылы олар
86,5%-ке артып, шамамен 7 млрд еуроны құрады. Бұл туралы Германияның
Сауда-өнеркәсіп палатасының сыртқы сауда бөлімінің басшысы Фолькер Трайер ел Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары Роман Склярмен кездесуінде айтты. Алдағы уақытта елдердің
экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін үлкен әлеуеті бар. Тараптар
энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика сияқты басым салалардағы серіктестікті
одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытып отыр. Сонымен қатар Еуропалық елдің пікірінше,
Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы басты серіктес.