Қазақстан физикадан халықаралық олимпиадада бес алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан физикадан халықаралық олимпиадада бес алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар әлемдік аренада тарихи жеңіске жетті. Ұлттық құраманың барлық бес қатысушысы Колумбияда өткен 56-шы Халықаралық физикалық олимпиадада алтын медальға ие болды. Биылғы сайыста 85 елден келген 380-нен астам оқушы бақ сынаған. Қатысушыларға күрделі теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешу тапсырылды. Қазақстандық команда барлық сынақтарды сәтті орындап, абсолютті нәтиже көрсеткен. Бұл жетістікке отандық құрама үш жыл бойы дайындалған. Оқушыларды дайындаумен маман педагогтар, салалық тәлімгерлер мен ұлттық жаттықтырушылар айналысқан. Айта кетейік, оқушылар арасындағы әлемдегі ең беделді олимпиадаға Қазақстан 1997 жылдан бері қатысып келеді. Өткен жылы ұлттық құрама екі күміс және үш қола медаль еншілеген еді.

 

Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

- 2019 жылдан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен дарынды балаларды қолдау, халықараларық олимпиадалық қозғалысты дамыту және педагогтердің еңбегін ынталандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Бұл жетістікті халықтық Конституцияда айқандалған адам капиталын дамыту, білім мен ғылымға инвестиция салу, білім мен ғылымды мемлекеттің негізгі басымдықтардың бірі ретніде айқандау бағытының нақты нәтижелерінің бірі деп бағалаймыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?