Санкт-Петербургте 25-інші халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр. Жиын барысында қатысушылар жаңа экономикалық саясат, азық-түлік қауіпсіздігін және еуразиялық интеграцияны талқыға салады. Қазақстан мен Ресей экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі үрдісі ретінде өндірістік кооперацияға баса мән беріп отыр. Көрші мемлекет біздің елмен тауар айналымын кеңейтуге мүдделі. Қазір Қазақстан Ресейдің сауда серіктестері арасында экспорт бойынша сегізінші, ал импорт бойынша тоғызыншы орында тұр. Тек 2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстаннан Ресейге 7 миллиард 100 миллион доллар мөлшеріндегі тауар жеткізілген.
Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:
– Мұның жақсы мысалдары бар, мәселен КАМАЗ-бен ынтымақтасып, Қазақстан аумағында шиналардың шойын құймасы бойынша өте технологиялық өндіріс құрдық. Бүгінде бірқатар өндірістер бойынша, мысалы күкірт қышқылын шығару бойынша келіссөздер өткізіп жатырмыз.
Сергей Глазьев, интеграция және макроэкономика бойынша ЕЭК министрі:
– Зор әлеуетіміз бар. Кәсіпорындарымыздың жалпы өндірістік қуаты 60 процент. Яғни өнім шығаруды одан әрі арттыра аламыз. Дегенмен өзара сауданы несиелендіру және шаруашылық нысандары арасындағы даулардың арбитражына қатысты мәселелер бар. Батыстық серіктестермен байланыстың үзілуі Еуразиялық экономикалық Одақ аясындағы және Азиядағы серіктестерімізбен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл тұста Қазақстанның орны өте маңызды.
Петербург экономикалық форумы 18-ші маусымға дейін жалғасады