Үкімет басшысы Батыс Қазақстан өңірлеріндегі гидроқұрылыстардың жай күйін тексерді

Үкімет басшысы Батыс Қазақстан өңірлеріндегі гидроқұрылыстардың жай күйін тексерді

Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Жайық өзені арнасының жай-күйімен танысты. Үкімет басшысы тікұшақпен аралау кезінде өңірдегі Ұзынкөл және Атырау қаласына дейінгі  өзге де су қоймаларының деңгейін тексерді. Олжас Бектенов елді-мекендерге келетін су көлемін азайту қамында қоймаларда барынша ылғал жинау жөнінде тапсырма берді. Ауқымды су көлемі Ресей Федерациясы аумағында айтарлықтай шығын келтіріп, елімізге қарай жылжып келеді. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі 7  метрден асып, күн сайын кеөтеріліп келеді. Қауіп белгісі – 8,5 метр. Үкімет басшысы қазір басты міндет – Орал мен Атырауды тасқыннан сақтап қалу екенін ерекше атап өтті.

 

Рауан Хусаинов, «Қазсу шаруашылығы» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының м.а.

-Бұл соңғы 30 жыл ішіндегі орын алған ең ірі су тасқыны. Оны ауыздықтауға барлық күштер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта ең қауіпті аумақтарда бөгеттер салынып жатыр. Жағалауды бөгеттерді нығайту жұмыстарына 200 бірлік техника мен мыңнан астам адам тартылды.  Дамбалардың жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайды. Алдын алу шаралары жылдам әрі сапалы атқарылуда. 

 

ҚР Вице-премьері су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Солтүстік Қазақстан облысындағы су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады. Роман Скляр ондағы бөгеттер мен шұңқырлардағы бекіністерді, сондай-ақ дайындық жұмыстарын тексерді. Ол сонымен қатар бүкіл өңірде келеңсіз жағдайларға дайын болып, белсенді жұмыс істеу керектігін айтты. Роман Скляр ешкім қауіпті аймақта қалмауы керек, барлығын эвакуациялау қажеттігін тағы бір ескертті.