Қазақстанда агродрондар жиналады

Қазақстанда агродрондар жиналады

Қазақстандық фермерлер шаруашылықта агродрондарды пайдалана алады. Ол үшін 80 ұшу аппаратын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қытаймен келісім жасалды. Олар өсімдіктердің зиянкестерін зерттеп, қауіпті ауруларын тыңайтқыштармен өңдеу үшін таптырмас көмекші. Арнайы дрондар күн-түн демей  кез келген ауа райында жұмыс істеуге қауқарлы. Бүріккіш гаджеттер егін шаруашылығындағы шығындарды азайтып, өндіріс тиімділігін айтарлықтай арттыруға септеседі. Бұған әлемнің 100 астам елінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданудың халықаралық тәжірибесі дәлел. Елдің салалық министрлігі жақын болашақта дрондарды импорттап қана қоймай, өзімізде жинау көзделіп отырғанын мәлімдеді. Ел аумағындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркінде қытайлық компаниямен бірлесіп олардың өндірісін жолға қою межеленген. Ал алдағы үш айда дрондарды ауыл шаруашылығына ендіру бойынша жол картасы әзірленбек.

 

Алмат Сүлейменов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы

- Тараз, Семей, Түркістанда өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен агродрондарға қызмет көрсететін демонстрациялық және сервистік орталықтар ашу мәселесі пысықталды. Сондай-ақ Талғар политехникалық колледжінде, Қапланбек ауылы және Семейде оларды басқаратын және жинайтын мамандарды оқыту көзделген.

Жеңіс Ермұқанов.   

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?