Қазақстан Президенті «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту және бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құру көзделіп отыр. Сонымен қатар тұтынушылардың квазимемлекеттік ұйымдар көрсететін коммерциялық қызметтерге қолжетімділігін, техникалық шарттарды алу және инженерлік желілерге қосылу рәсімдерін жеңілдету және автоматтандыру жоспарланған. Аталмыш жарлықта бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту іс-шаралар кешені жеке блок ретінде берілген. Соның ішінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды бұл санаттан алып тастау қарастырылмақ. Бұл  жарлықтың жүзеге асырылуы экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін қысқартуға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосымша серпін береді.