Бүгін, 15 наурыз – Қазақстанда қайырымдылық күні. Бұл мереке Наурызнаманың онкүндігіне енеді. Бұл күн ел халқын мейірімділік пен тату
көршілікке шақырады. Сондай-ақ, өзара түсіністік пен мейірімділік, жанашырлық сияқты қасиеттерге бойға сіңіреді. Бұл күні адамдар
қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, бір-біріне қол ұшын береді. Наурызды
мерекелеу кезінде бұл қасиеттер барынша кеңінен насихатталып, оның қадірі арта түседі. Жалпы Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың
бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды бір жағадан бас,
бір жеңнен қол шығартып, айрандай ұйытып, бір халыққа біріктіру болып келеді.