Әзербайжандық әуе компаниясы ұшағындағы «қара жәшіктердегі» деректерді оқу Бразилияда әзербайжандық сарапшылардың қатысуымен қамтамасыз етіледі. Қазақстанның көлік министрлігі борттық өздігінен жазғыштар аталған мемлекеттегі авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына жіберілетінін мәлімдеді. Бұндай шешім Қазақстан 1992-ші жылы мақұлдаған Чикаго Конвенциясына сәйкес қабылданды. Бұл ретте айта кетерлік жайт, ИКАО бас хатшысының тапсырмасымен елімізге аккредиттелген бақылаушы ретінде авиациялық оқиғаларды дергеу секциясының басшысы келді. Жалпы халықаралық ұйым Қазақстанның авиациялық билігінің тергеу жүргізудің ашықтығы және Ақтау маңындағы ұшақ апаты салдарын жойып, анықтауға жұмылған мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысына жоғары баға берді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

