Е. Қошанов Қытайға сапары барысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына барды

Е. Қошанов Қытайға сапары барысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына барды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық республикасына сапары барысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы – Үрімшіге барды. Айта кетейік, Қазақстанмен Аспан асты елі арасындағы сауданың жартысынан көбі дәл осы ауданның еншісінде. Алыс-берістің өсу динамикасы да ауыз толтырып айтарлықтай. Бұған былтыр өзара визасыз режимнің енгізілгені де өз септігін тигізді. Бұл өңірде жақында QazTradе сауда өкілдігі ашылып, үшінші шекаралық теміржол өткелі, яғни «Аягөз-Тачэн» бағыты бойынша жол салынады. Бұл жобалар қос мемлекет арасындағы іскерлік байланысты тереңдетуге бағытталған. Бұл туралы Мәжіліс спикері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы компартия комитеті хатшысы Ма Синжуймен кездесуде талқылады. Тараптар екіжақты әріптестік және өңіраралық ынтымақтастық тақырыптарын қозғады. Сондай-ақ Қазақстан аумағында электронды сауда үшін өңірлік қойма инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесі де сөз болды. Әңгіме барысында көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, трансшекаралық су ресурстары мен туризм мәселелері де қозғалды.