Қазақстанда 2026 жылы 6 мыңнан астам су арнасы цифрландырылады

Қазақстанда 2026 жылы 6 мыңнан астам су арнасы цифрландырылады

Қазақстанда жыл соңына дейін 6 мыңнан астам су арнасы цифрландырылады. Сондай-ақ гидротехникалық нысандарды сандық жүйемен қамту деңгейін 100% жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді. Жалпы бүгінде ведомства әзірлеген Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 22 мың су нысанын қамтып отыр. Оның ішінде 17 мыңнан астам өзен, 4 мыңға жуық көл және гидротехникалық нысандардың 60% бар. Қазірдің өзінде оңтүстік өңірдегі 65 мың гектар жерді суаратын 100-ден астам каналда автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, оларды басқарудың бірыңғай платформасы енгізілмек. Айта кетейік, бүгінде елде жалпы ұзындығы мың шақырымна асатын болатын 270 су арнасы жаңғыртылған. Қазір олардың бәрі сандық жүйеге келтірілуде. Сондай-ақ тағы 264 каналға заманауи су есептеу жүйелерін енгізу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленуде.

Рамазан Әбдікәрімов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бас сарапшысы:

- Сонымен қатар елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады. Бұл су шаруашылығы учаскелері бөлінісінде нақты су ағынын, су қоймаларындағы жинақ көлемін және суды тұтыну деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Гидротехникалық құрылысжайлар мен су нысандарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Ғарыштық мониторинг пен гидробекеттердің деректері интеграцияланып жатыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?